Жаным да қазақ, өзім де қазақ
Күн мен түнді теңеп, жылдың бастауы болған мейрам ол – Наурыз мейрамы! Бала кезден тайға жүген тағып, бәйге, асық ойнап, наурыз көжені тойғанша ішетін кез деп біледі қазақ халқы бұл мерекені. Ұлыстың ұлы күні ақтықтың молайып, қуаныштың орнайтын шағы, Қыдыр атам қырдан келіп, руханиаттың тұнбасы болған жерге ақ батасын беретін шақ. Осы орайда Отандасымыз, қазіргі уақытта қаруласымыз, тойымызда әндетіп, жүк тартқанда бірігетін бауырымыз болып қалған қатардағы жауынгер Курваналиев Фарухпен сұхбат жүргіздік.
Фарух қазіргі уақытта ел алдындағы борышын Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің 3 батальон, 5 жедел мақсаттағы ротасында атқарып келеді. Кіндік қаны тамған жері - қасиетті Түркістан қаласы .Ұлты-өзбек десе де, ұстанымым «жаным да қазақ, өзім де қазақ» дейтін Фарух